Қарағанда ӨКІЛДІГІ ТУРАЛЫ

Біз барлық сұраныс білдірушілерге қол жетімді болатын, қашықтықтан оқыту және он-лайн түрінде оқытуды қамти отырып, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдер мен құралдарды қарқынды енгізуіміз керек!

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ –

ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ Н.А. НАЗАРБАЕВТЫҢ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

«ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯСЫ  – 2050»

Қарағанды қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚМУ өкілдігі туралы ақпарат

Жоғары білімнің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және Университеттің жарғысын басшылыққа ала отырып, Ғылыми кеңес шешімінің (01.07.2016 жылғы №12 хаттама) негізінде, 2016 жылдың 01 тамызындағы ректордың №244 бұйрығына сәйкес Қарағанды қаласында М.Әуезов атындағы ОҚМУ өкілдігі ашылған. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы 12, 327, 328 каб.

Өкілдік өзінің қызметін ҚР «Білім туралы» заңына және «М.Әуезов атындағы ОҚМУ өкілдігі туралы» ережеге сәйкес жүзеге асыратын, университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өкілдік студенттерге орта кәсіптік және жоғары білім негізінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолданумен сырттай оқу түрі бойынша білім беру қызметтерін жүзеге асырады. Мамандарды даярлау ОҚМУ кешкі және қашықтықтан білім беру факультетінің барлық мамандықтары бойынша «ҚР жоғары кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктеуішімен» жүргізіледі.  Ұйымдастырушылық құрылым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.01.2012 жылғы №112  қаулысымен бекітілген, Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерімен сәйкестікте қызмет етеді.

Өкілдіктің негізгі міндеттері:

  • Сапа саласында ОҚМУ саясаты мен мақсаттарын жүзеге асыру
  • Орталық Қазақстанда университеттің қызмет ету аясын кеңейту
  • Заманауи білім беру технологияларын қолдану және өкілдіктің оқу-әдістемелік қызметіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу
  • Экономика мен әлеуметтік ортаның әр түрлі салалары үшін білікті мамандарды білім берудің мемлекеттік стандарттарымен сәйкестікте даярлау

Оқу үрдісін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге жауаптылар:

Директор – PhDдокторы ЖапароваРабигаЕргалиевна

инженер –программист - 

магистр,Ташибаева Раушан Бауржановна

Оқу үрдісінің мазмұны мен оны ұйымдастыру М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де қолданылатын оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жасалады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша студенттермен жүргізілетін оқу жұмысы университет кафедрасының біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен және сәйкес салалардың жетекші мамандарымен жүзеге асырылады.

Оқу үрдісі білім алушының «Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесінің қолданушылық интерфейс қызметін қолдануына негізделеді. Білім алушының интерфейсі «Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және оқу кешенінің білім алатын қолданушыларына арналған. Оқу үрдісінде білім алушының алатын орны білім берудің университеттік моделі үшін дәстүрлі болып табылатын студенттер рөліне сәйкес келеді. Интерфейс құрылымына кіретіндер: оқу-әдістемелік кешендер, күнтізбелік жоспарлар, кітапхана, дәріс материалдары, аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, өзін-өзі тексеру түріндегі тестілеу және т.б. Консультациялар, аралық аттестаттау және қорытынды емтихандар студенттермен off-line, on-line режимінде өткізіледі. 

Студенттеріміздің білім беру порталында оқу интерфейсін пайдалана алу мүмкіндігі берілген, интерфейсте барлық қажетті мәліметтерден тұратын, жеке парақшалары бар: оқу кестесі, сабақ кестесі, бағалары, тестілеу арқылы өткізілетін аралық және қорытынды бақылау,  дәріс материалдарын оқу, кітапхананы пайдалану. Бұл парақшада чат бар, онда білім алушылардың университеттің кез келген оқытушысынан кеңес алып, хабарландыруларды оқып, ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.

Өкілдікте келесі бағыттар бойынша бакалавриаттың 76 оқыту бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау жүргізіледі:

  • Білім беру
  • Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес
  • Техникалық ғылымдар мен технологиялар
  • Құқық
  • Жаратылыстану ғылымдары
  • Өнер
  • Ауылшаруашылық ғылымдары
  • Мал дәрігерлігі
  • Қызметтер

Техникалық және кәсіптік білім беру негізінде  - 3 жыл 

Жоғары білім беру негізінде -  2 жыл 

«Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқу дәрістері

«Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқу дәрістері

«Талапкер 2018» көрмесі

«Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі

Алғыс хат – «Талапкер 2018» көрмесі

«Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі

І курс студенттеріне арналған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан

І курс студенттеріне арналған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан

М. Әуезов атындағы ОҚМУ комиссиясының «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен мемлекеттік емтиханды қабылдау

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕРІМІЗГЕ ЖҰМЫСПЕН НЕМЕСЕ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРМЕН ҚАТАР  ОҢАЙ БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!!!

Өкілдік байланыстары:  Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы 12, 327, 328 каб.

8(7212)426893,  87765125042

Email: ukgu.karaganda@mail.ru

: ukgu.kz.krg