Добро пожаловать на сайт sde.sksu.kz
Содержимое главной страницы еще не создано.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды
Кеше Оқу-ағарту министрі мен Ғылым және жоғары білім министрінің, облыстық білім басқармалары басшыларының, педагогикалық ЖОО ректорларының және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен екі ведомствоның бірлескен кеңесі өтті.
Іс-шарада педагог кадрларды сапалы даярлаудың өзекті мәселелерін, негізгі басымдықтар мен оларды шешу жолдарын талқыладық.
Басқосу қорытындысы бойынша заманауи сапалы педагогтерді даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңесі құру туралы шешім қабылданды. Кеңес кадрлардың сапасын арттыру және білім беру ұйымдарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ ӨТКІЗІЛДІ
2023 жылдың 27-29 наурызы аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) арқылы институционалдық аккредиттеу өткізілді. Институционалдық аккредиттеу оқу орнының білім беру сапасы мен ғылыми қызметін мәлімделген мәртебеге сәйкес бағалауды көздейді. Осыған сәйкес IQAA эксперттер тобы университет және құрылымдық бөлім басшыларымен, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттермен, сонымен қатар жұмыс берушілермен интервью жүргізілді.
Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасы Бас Консулдығы консулдарының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне сапары
2023 жылғы 15 ақпанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының делегациясы келді. Делегация ішінде болған қонақтар: Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Дүниежүзілік Жастар қауымдастығының өкілі - Фарходжон Ганиев, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының көші-қон мәселелері жөніндегі консулы - Асроров Иззат, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының (РУ) бас консулы, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының (РУ) Консулы - Абдукаримов Жамолиддинхуджа және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің көмекшісі - Турсунов Жавохир. Кездесуге Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі Проректор А. Т. Ысқақова, халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры А. Т. Тұрымшаева қатысты.
Делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өзбекстан Республикасының азаматтары қатарынан шетелдік студенттерімен және магистранттарымен кезлесу өткізді. Кездесу барысында, көші-қон және де оқу процесінде туындайтын т.б. мәселелер талқыланды, сонымен қатар білім алушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
COURSERA-да тегін оқуға бола ма және ондағы курстар сізге не береді?
Coursera білім беру алаңында математика мен логиканы, тілдерді, әлеуметтік ғылымдарды, бағдарламалауды және т.б. үйренуге болатын 3000-нан астам курс бар. Сонымен қатар мұнда Coursera Plus арқылы тегін білім алсаңыз болады.
Әлемдік қауымдастық
Курстарда жетекші университеттер мен компаниялардың сарапшылары сабақ береді. Оқудан кейін сіз бүкіл әлемде мойындалған диплом ала аласыз.Қолжетімділік
Жүздеген тегін курсты оқуға және Coursera Plus тегін сынақ нұсқасынан бастауға болады.Икемділік
Сіз жұмыс үстеліне де, мобильді құрылғыларға да сұраныс бойынша дәрістер ала аласыз және өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи аласыз.Жұмысқа орналасу мүмкіндігі
Сіз жұмысқа орналасу үшін қажетті мансаптық дағдыларды игересіз, сонымен қатар қолданбалы оқыту арқылы жеке және кәсіби дағдыларды дамытасыз. https://www.coursera.org/
2023 жылдың 1 ақпанында Лондон қаласында «Жоғары білім беру саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығы құралдары бойынша мемлекетаралық байланыстарды нығайту» мақсатында өткізілген Ұлыбритания-Қазақстан 9-шы.
Үкіметаралық комиссиясының дөңгелек үстелі аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университететінің делегациясы Лофборо университетінің кампусымен танысып, спорттық бизнес, дизайн саласындағы инновация және стратегиялық жобалар институттарының өкілдерімен кездесті..
30 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Серіков Таңсауле Габдыманапұлы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған «Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жол картасымен» таныстыру мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтістік Қазақстан университетіне жұмыс сапарымен келді.
Оқытушы-профессор құрамы, қызметкерлермен кездесу барысында ерекше білім беруді қажет ететін студенттер үшін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесін зерттеу нәтижелерін саралай келе, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалап, әзірленген балама жол картасының нұсқаларын салыстырмалы талдап берді.
Республикадағы білім беру жүйесінде мүгедектерге арналған білім беру үлгілерін атай отырып, Таңсауле Габдыманапұлы ұсынылып отырған Жол картасының міндеттерін атап өтті. Жол картасында ұсынылған нұсқаның тиімділігі мен күтілетін нәтижелерді түсіндіріп, оның іске асыру жоспарымен бөлісті.
Таңсауле Габдыманапұлы университеттің ерекше білім алушыларға бейімделген инфрақұрылымымен танысты. Оқу ғимаратының бейімделген құрылысын, арнайы бағдарламалық қамтамасыздандырылған, компьютерлік тифлокомплекс, зағип және көру қабілеті нашар пайдаланушыларға арналған типлоқұрылғылар жазу, оқу машиналары, экрандағы мәтінді үлкейту, 24/7 режимде жұмыс жасайтын http://lib.ukgu.kz/. web-сайтта қондырғылар орнатылған, аудио қызметі бар арнайы Инклюзивті орталықты, «Парасат» комплеанс, «Мұхтартану», «TOEFL» орталығын, заманауи жабдықталған Ақпараттық білім орталығын, жаңа технологиялар бөлімі-телестудияны көріп, қызметтерімен танысты.
Жұмыс барысында Серіков Таңсауле Габдыманапұлы университетте білім алып жатқан ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен де кездесті. Студенттер білім алу барысындағы университеттің қолдаулары, көмектері туралы, сонымен қатар өздерінің бос уақытын қалай өткізетіні туралы айтты. Мәселен, журналистика факультетінің 2-курс студенті Нурадин Бекжан онлайн режимінде қазақ эстрадасының жұлдыздарына ютуб қызмет көрсете отырып, қосымша табыс табатынын айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік желіні және оның алгоритмдерін дұрыс пайдалана отырып, табысқа жету көздерімен бөлісті.
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
2023 жылдың 28 -қаңтарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ғылыми жобаларының көрмесі өткізілді. Көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек суды тазарту мақсатындағы цеолит сүзгілерін дайындау жөніндегі халықаралық жобаның (Қазақстан, Грузия, Армения) нәтижелерімен танысты. Министрдің алдында профессор, техника ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жақыпбекова Нағима Орманбекқызы аталмыш ғылыми жобаның нәтижелері туралы баяндама жасады.