Ақтау өкілдігі туралы

   Қазіргі таңда ақпараттық телекоммуникациялық технология заманымыздың талабы болуымен қатар, біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Мемлекетіміздің кез - келген саласы осы бағытты ұстанып келуде. Солардың ішінде білім ордаларына бұл бағыттағы қойылып отырған талап өте зор. Бүгінде жоғары оқу орындарына танымдық іс-әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеті дамыған, жоғарғы кәсіби білікті мамандар даярлау міндеттері артылып отыр. 

Бұл міндеттердің орындалуының бірі  -  ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген қашықтықтан оқыту жүйесі, білім беру үрдісіне  енгізіліп, Қазақстанның басқа аймақтарындағы  және  шетелдегі  азаматтарға  еліміздегі ірі оқу орыны – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қажетті мамандық бойынша өндірістен қол үзбей, тұрғылықты жерінен алшақтамай білім алуы үшін әр аймақта ресми түрде өкілдіктер ашылуда.

Жоғары білім берудің қол жетімділік деңгейін жоғарлату мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен университет Жарлығын басшылыққа ала отырып, Ғылыми Кеңес шешімінінің негізінде (хаттама №16, 28.06.2013ж.) 2013 жылдың 13 тамызындағы №637 ректор бұйрығымен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында алғашқы өкілдігі ашылды.

Өкілдік ҚР «Білім туралы» заңына және «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің өкілдігі туралы» Ережеге сәйкес өз қызметін іске асыруда. Өкілдік студенттерге орта кәсіби және жоғары білім негізінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқытудың сырттай формасында білім беру қызметін көрсетеді. Ұйымдастыру құрылымы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.05.2016 ж №343 жарлығымен бекітілген оқу үрдісін қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру Ережесіне сәйкес қызмет етеді. Мамандарды дайындау ОҚМУ қашықтықтан оқыту институтының барлық мамандықтары бойынша «ҚР жоғары кәсіби білім беру мамандықтарының классификаторына» сәйкес жүргізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы порталда студенттер электрондық оқулықтар, дәрістер мен кейстер, сонымен қатар бақылау жұмыстарын, курстық жұмыстар мен жобаларды орындауға арналған нұсқауларды пайдалана оқу үрдісінің кестесіне сәйкес білім алады. Жыл бойы онлайн режимінде оқытушы –кеңесші, яғни тьютормен бетпе-бет немесе электрондық пошта арқылы кеңестер беріледі. Білім алушылар материалдарды меңгеру дәрежесі және пікір таласқа қатысуының белсенділігі бойынша бағаланады.

2014-2015 оқу жылынан бастап «Қазақстан тарихы» пәні бойынша  мемлекеттік емтиханды онлайн режимде,  Link бағдарламасы арқылы қабылдау қойылған. 

Сонымен қатар өнер, білім және қызмет көрсету бағытындағы мамандықтардың шығармашылық емтихандары да  онлайн режимінде тапсырылады.  

Қашықтықтан оқыту жүйесі университетте жеткілікті жоғарғы дейгейде..

Сіздерді, Қазақстандағы тұғыры биік,  көп салалы білім ордасы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінен білім алуға шақырамыз.

Өкілдік мекен жайы:  Ақтау қаласы, 130000, 19 шағын аудан, №10 үй.

Байланыс телефоны: 8(7292) 333807

E-mail: aktau_ukgu@mail.ru

 

Өкілдік директоры – доцент, техникалық ғылымдар кандидаты Кудасов Канатбек Кенжебекович.

Шахшабасова Фарида Мугалимбековна

Өкілдік қызметкері –инженер программист