Талапкерлерге

   Құрметті талапкерлер! М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2015-2016 оқу жылына кешкі оқыту түріне мектеп, гимназия, лицей бітіруші түлектерін  білім беру, құқық, әлеуметтік ғылым және бизнес, кызмет көрсету, жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық және шығармашылық мамандықтары бойынша талапкерлерді оқуға шақырады. Кешкі оқу түрінің мерзімі 5 жыл. Кешкі оқыту -  мектеп түлектері  үшін өндірістен қол үзбей  жоғарғы білім алу мүмкіндігіне ие. Шымкент қаласының және облыс орталығына жақын аудандардың мектеп түлектері үшін кешкі оқыту университетіміздің қабырғасында сапалы жоғарғы білім алудың ыңғайлы жолы. Кешкі оқудың төлем ақысы күндізгі оқытудың төлем ақысына қарағанда айтарлықтай аз, яғни 50% төмен. Жас талапкер,  дұрыс таңдау жасаңыздар! М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға сырттай және кешкі оқуға түсіңіздер!

Кешкі оқыту түрі бойынша бакалавр дайындайтын мамандықтар тізімі

   Университетте аудиториялық бөлімнен, интекактивті қашықтықтан оқыту әдістері бойынша жұмыс істейтін арнайы мамандандырылған оқу-әдістемелік комплекстерден жасақталған, оқу үрдісінің жоғары дәрежесін камтамасыз ететін өзіндік комплексті оқу әдістемесі қолданылады. Қазіргі кезде сырттай оқыту факультетінде келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындалады:

Орта арнайы білімнен кейін сырттай оқыту түрі бойынша бакалавр дайындайтын мамандықтар тізімі
 
Жоғары білімнен кейін сырттай оқыту түрі бойынша бакалавр дайындайтын мамандықтар тізімі
 

Сырттай, кешкі және экстернат формасында алуға тиым салынған мамандықтар тізімі

Талапкер-2017